Шымкентте әкім орынбасары қызметінен кетті

126

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов қызметінен кетті. Экс-әкім орынбасары кенеттен кеткенін әлеуметтік желіде жариялады.

Айманбетов өз жазбасында: «Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты мен енді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары емеспін. Мұнда нағыз кәсіби мамандармен, қамқор азаматтармен жұмыс істеу мен үшін мерей болды», деп жазған.

Экс- әкім орынбасары өзінің жаңа қызметін құпия ұстауды ұйғарыпты. Түсініктемелерде әлеуметтік желі қолданушылары Мәулен Зарлықұлына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Еске салайық, Мәулен Айманбетов 2020 жылдың 9 қыркүйегінен бастап оңтүстік мегаполис әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Жыл басында бұрынғы экс-әкім орынбасары «Тұран» және «Шым-сити» шағынаудандарының тұрғындарынан қыста жылу болмағаны үшін көпшілік алдында кешірім сұраған болатын.