Оңтүстікте 37 мыңнан аса шәкірт мектепті тәмамдады

ОҚО бойынша 1140 шәкірт "Алтын белгіден" үміткер
ОҚО бойынша 1140 шәкірт "Алтын белгіден" үміткер
ОҚО бойынша 1140 шәкірт «Алтын белгіден» үміткер

Соңғы қоңырау соғылды бүгін…  Ия… 11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған Оңтүстіктің 11 сыныптары бүгін  түлек атанып, сүйікті мектебімен қош айтысты. 25 мамыр күні таңғы сағат 9-дан бастап облыстағы барлық білім ордасында қоңырау үні естіліп, алтын ұя мектебінде соңғы вальс биленді.

Атаулы күнде түлектерге облыс әкімі Асқар Мырзахметов те ақ жол тіледі. Ол Шымкенттегі №2 дарында балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатындағы «Қош бол, алтын ұя мектебім!» салатанатты шарасына қатысты. Шәкірттерге ҰБТ-да сенімді ақтауға тілек білдіріп, жалпы білім саласына мемлекеттен қолдаудың жыл сайын артып келе жатқанына тоқталды.

Аталған мектеп-интернатта бұл жылы 67 түлек бітірсе, соның 20-сы «Алтын белгіден», 23-і «Үздік аттестаттан» үміткерлер. Шәкірттердің қай-қайсынан сұрамаңыз, барлығы да өте қобалжулы, әрі алдағы ҰБТ-ға сеніммен де, күдікпен де қарайтындай. Осі бір белестен сенімді ақтап өтіп алсақ, түлеп ұшқан ордамызға кір келтірмегеніміз болады дейді ағынан жарылып. Түлектер ҰБТ-дан сәтті өтеріне сенімді. Нәтиженің дұрыс боларын мектеп жетекшілігі де айтып отыр. Өйткені, дайындығымыз жақсы дейді. Былтырғы қорытындыны мысал етер болсақ, аталған мектеп өткен жылғы ҰБТ бойынша орта балл – 97,3 пайызды құраған.

Жалпы 2012-2013 оқу жылында облыстағы 1019 мектепте 534195 оқушы білім алып, соның 37148-і түлек атанды. Облыста 11 жылдық білім беретін 793 орта мектеп бар. Осы бітірушілердің 21133-і биылғы ҰБТ-да өз бақтарын сынап көрмек. Ал 16015 шәкірт дәстүрлі емтихан тапсыратын болады.

1140 оқушы «Алтын белгіге», 694 түлек үздік аттестатқа үміткер.

Білім басқармасының мәліметінше, 2012 жылдың қазан 2013 жылдың сәуір айы аралықтарында сынақ тесттері алынып, оның соңғы орташа көрсеткіші 77,2 балл болған. Бұл нәтиже өткен жылмен салыстырғанда +10,3 баллға жоғары дейді мамандар.

Ал Шымкент қаласы бойынша 85 мектептен 5455 түлек бүгін түлеп ұшты. Оның 128-і алтын белгіден үміткер шәкірттер. Озат оқушыларымыз ұлттық бірыңғай тестілеуде білімін дәлелдейтін болса, қаламыздағы 32 мектептің үміті ақталауы мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zIUzKWOxHjo[/youtube]