Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары журналистерге қоқан-лоққы көрсетті

908
Түсірілім тобына күш көрсетіп, артынша мемлекеттік қызметкер екені есіне түскен Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары

Ордабасы ауданының шенеуніктері қызметтік этикасының тым төмен екенін байқатты. Аудан әкімінің орынбасары Ермек Сатенов тұрғындар мен жол салушылар арасында туындаған мәселені бірден шешіп, тілшілерге түсініктеме берудің орнына, арнамыздың түсіру тобына қоқан-лоққы көрсетіп, камераға ұмтылды.

Ауыл тұрғындарының көзінше төртінші билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен әкімнің орынбасары, камераны сындырудан да тайсалмады. Араша болудың орнына тәртіп сақшылары қызықтап қарап тұрып, ақыр соңында аудан әкімінің орынбасарын көліктеріне отырғызып алып, қашып кетті.

Бұл жағдай ауыл сыртынан өтетін Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай автожолының құрылысында жүрген көліктердің кептелісін түсіруге барған сәтте орын алды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-uoUd0liHSs[/youtube]