Шымкент – Алматы бағытында жолаушылар тасымалдаушылар куәліктерінен айрылды

546
Әзірше автобустар жолаушыларды тасымалдай алмайды

Шымкенттік жолаушылар Алматыға жете алмай қалуы мүмкін. Жақында көлік және коммуникация министрлігі Шымкент – Алматы бағытында тұрақты түрде жолаушылар тасымалдайтын көліктердің куәліктерін қайтарып алды. Бұған жергілікті автобус иелерінің министрлік талабын орындамауы себеп болып отыр.

Әзірше автобустар жолаушыларды тасымалдай алмайды
Әзірше автобустар жолаушыларды тасымалдай алмайды

Алматыдағы «Сайран» автовокзалының басшылығы шағым түсірген соң министрлік тарапынан шара қолданылған. Яғни, біздің жолаушы тасымалдаушыларымыз Сайран автовокзалына кірмейтін болыпты. Оған Оңтүстік астанадағы автовокзалда қолға алынған жаңа әдіс себеп болған секілді.

Юрий Петухов, "Оңтүстік" өңіраралық көлік инспекциясы бастығының орынбасары
Юрий Петухов, «Оңтүстік» өңіраралық көлік инспекциясы бастығының орынбасары

 «Алматыдағы «Сайран» автовокзалы қолма-қол ақшасыз режимде жұмыс істеуге көшті, – деп түсіндірді «Оңтүстік» өңіраралық көлік инспекциясы бастығының орынбасары Юрий Петухов. – Яғни, бізден барған автобустар вокзалға кірген соң жолаушылардың билеттері саналып, тексеріледі. Ал оларға тиісті ақша бұрынғыдай автобус жүргізушісінің қолына берілмей, компанияның шотына аударылады. Ал жолаушылар тасымалдаушылар бізге бұл әдіс тиімсіз деп отыр. Қалай болғанда да осы мәселе бір шешімін таппайынша біз куәліктері алынған тасымаладушыларды жолға шығара алмаймыз. Осылай деп өздеріне де ескерттік. Оларға әзірше жолаушы тасымалдау үшін лицензия алу ғана қалды.»

Ал жолаушылар тасымалдаушылар мұндай шешіммен келіспейді. Оларға қолма-қол ақшамен жұмыс істеген қолайлы. Себебі, жанармай құю, тамақтану секілді қажеттіліктерге ақша керек екені даусыз. Сондықтан олар «Сайранға» кірмей қойыпты. Осылайша жолаушы тасымалдаушылар мен автовокзал арасында келіспеушілік туындап отыр.

Жолаушылар тасымалдаушылар өздерінің келіспейтіндерін ашық білдіріп отыр
Жолаушылар тасымалдаушылар өздерінің келіспейтіндерін ашық білдіріп отыр