Шымкенттік тұрғын әйелін ұрып өлтірді

291
Шымкент қаласы
Оқиға 2013 жылы сәуірдің аяғында орын алған
Оқиға 2013 жылы сәуірдің аяғында орын алған

Шымкенттің тұрғыны арақ ішіп алып, әйелін өлімші етіп таяққа жыққан. Соның салдарынан жәбірленуші есін жимаған күйі мерт болды. Бұл кісі өлтіру фактісін Абай полиция бөлімінің қызметкерлері әшкерелеп отыр. Қазіргі таңда 47 жастағы күдікті азамат тұтқындалды.

Бұл қанды оқиға жайлы суыт хабар кезекші бөлімге сәуір айының соңғы күндері түскен. Қаладағы Қалдаяқов көшесіндегі үйдің біріндегі пәтерден бір әйелдің өлі денесі табылады. Өзі төсекке таңылып жатқан оны өзінің азаматтық некедегі ері өлімші етіп сабақ тастапты. Сезіктінің айтуынша, сол күні үйіне мас болып келген. Содан әйелі екеуінің арасында жанжал туындап, басы-көзге қарамай ұрып тастапты.

Далаға шығып, дүкеннен тағы арақ алып ішкен сезікті өзінің бірінші әйелінің үйіне барыпты. Оған не бүлдіргенін толықтай айтып берген. Шошып қалған азаматша дереу полицейлерге хабар берген.

Абай полиция бөлімінің аға трергеушісі Ерлан Ербаев
Абай полиция бөлімінің аға тергеушісі Ерлан Ербаев

«Шұғыл-іздестіру әрекетін жүргізу барысында біз күдіктіні қолға түсірдік, – дейді Абай полиция бөлімінің аға тергеушісі Ерлан Ербаев. – Ол өзінің бірінші әйелінің үйінде болыпты. Тергеу барысында анық болғандай, әйелі біраз уақыт бұрын аяғын сындырып алып, төсек тартып жатқан. Ал күдікті азамат мас болып келіп, жанжал туындаған соң өзі қауқарсыз жанды сабай берген».

Қазір әлсізге әлімжеттік көрсеткен азамат уақытша тергеу абақтысында жатыр. Кінәсін толық мойындаған оның жазасын енді сот тағайындайды.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rGBuZ4BXioI[/youtube]