Жерасты байлығын заңсыз пайдаланғандар жазаланады

490
Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар жоқ емес

 

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар жоқ емес
Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар жоқ емес

Жер байлығын заңсыз пайдаланғандар тиісті жазасын алады. Ал қомағай кәсіпкерлердің құлқынына құлып салу керек. Талап орындалмаған жағдайда тас қазатын карьер басшыларымен келісілген келісім шарт күшін жоятын болады. Бұл облыс басшысының тікелей тапсырмасы. Осыны ескерген өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы табиғатты қорғау мекемесінің мамандарымен бірге арнайы сараптама жүргізуді бастады.

Мамандарды алаңдатқан басты мәселе жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар болып отыр. Өкінішке орай, сол жерасты байлығын қаражат табу көзіне айналдырғандарды тәртіпке шақыратын мекеме қалмаған. Кәсіпкерлікті қолдау саясатын бүркемеленгендер алаяқтар өзен арналарының бұзылуына мұрындық болып жүр.

2011 жылы ОҚО құжатары заңдастырылған 400-ге жуық жерасты байлықты пайдаланушы болған. Алайда табиғатқа келтірілген залалды кеміту үшін олардың санын азайту қажеттігі туындады. Нәтижесінде қалғаны 195 кәсіпкер. Тек алда олар да сұрыпталады.

Сайрам және Төлеби ауданында жұмыс жасаған арнайы топ облыстың өзге аудандарында да тап осылай зерделеп, заңды бұзғандарға шара көрілетін болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IhiE-GsLFK8[/youtube]