Қарбыз жеу әзірге қауіпті

542
өз қарбызымызға өзіміз жете алмай қалдық

 

қарбыз сатылымға шықты
қарбыз сатылымға шықты

Шымкентте қарбыз сатылымға шығып та үлгерді. Осыған орай, өңіріміздің санитар мамандар алғаш рет сатылымға шыққан қарбыздың сапасын тексеруге кірісті. Сөйтіп, бақша өнімін қазір жеу қауіпті деген қорытындыға келді. Қазыбек базарының басшылары көтерме сауда орталығына енген алғашқы жеміс артқан көліктің өнімін зертханада тексерді. Нәтижесінде адам ағзасына зиянды нитраттардың нормадан артық екендігі анық болды. Сондықтан бақша дақылын сатуға рұқсат берілмеді.

Соңғы екі күнде әкелінген екі машина қарбыз да тексеруден өткізілді. Зерттеу нитраттың нормадан аз да болса артықтығын көрсетті. Дегенмен ол адам ағзасына зиянды емес дейді мамандар.