Қазақ генералының жүлдесіне өзбекстандықтар да таласты

202
Өзбекстандық қонақтар үшінші орынды жеңіп алды
Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың турнирі жеңімпаздарына медальдар арнайы жасалынды
Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың турнирі жеңімпаздарына медальдар арнайы жасалынды

Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жүлдесіне арналған дода биыл 16 команданың аяқдопшыларын бір шаңырақ астына жинады. 15-16 жастағы аяқдопшылар бес күн бойында жасыл алаңда ала допты қуалап, алтын медальды сарапқа салды.

Бұл жолы жасыл алаңға 1997-1998 жж. дүниеге келген футболшылар шықты
Бұл жолы жасыл алаңға 1997-1998 жж. дүниеге келген футболшылар шықты

Өзбекстандық жеткіншектер Шымкенттен жүлдемен қайтуды көздейді. Осы мақсатты іске асыру үшін олар жарыстың ақтық мәресіне дейін жетті.

Б. Ертаев, генерал-лейтенант: "Әлемді біріктіретін ол - спорт!"
Б. Ертаев, генерал-лейтенант: «Әлемді біріктіретін ол – спорт!»

Нәтижесінде генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыстың ақтық кездесуінде  №7 қалалық футбол мектебінің жеткіншектерімен өзбекстандық аяқдопшыларымен таласқа түсті.  Жеңгені бірінші орынға көтеріледі. Алайда, қос команда да жеңісті қолдан бермейді, ойынның соңғы минуттарында-ақ чемпион анықталды.

Өзбекстандық қонақтар үшінші орынды жеңіп алды
Өзбекстандық қонақтар үшінші орынды жеңіп алды

Үшінші орынды өзбекстандықтар қанағат етті. Шешуші матчта олар №7 футбол мектебінің шәкірттерінен басым бола алмады. Күмістен алқаны облыстық футбол мектебінің шәкірттері иеленді.  Ал бас жүлдемен Кубок Шымкентте қалды.

Екінші орын иелері - ОҚО футбол мектебі
Екінші орын иелері – ОҚО футбол мектебі
№7 футбол мектебі жарыс жеңімпазы атанды
№7 футбол мектебі жарыс жеңімпазы атанды
Доданың үздік футболшылары
Доданың үздік футболшылары
Үздік танылғандар құнды сыйлықтарға ие болды
Үздік танылғандар құнды сыйлықтарға ие болды

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CX072FvVTQc[/youtube]