Ұйымдасқан қылмыстық топтың көсемі – «Сарчук» қолға түсті (бейнекадр)

256
Күдікті кафелердің бірінде ұсталды

Шымкентте қылмыстық топтың көсемі ұсталды. Оны ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметкерлері құрықтаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 36 жастағы сезікті анау-мынау емес, полицейлердің өзіне ірі көлемдегі пара бермекші болыпты. Осылайша қамауда жатқан өзінің сыбайласын құтқарып алмақ болған. Дегенмен, өзіне ақша ұсынылған шұғыл қызметкер тез арада департаменттің бастығына хабар береді.

Күдікті кафелердің бірінде ұсталды
Күдікті кафелердің бірінде ұсталды

Қолға түскен қарақшы оңай шағылар жаңғақ емес болып шықты. Бұған дейін адам өлтіру, қару сату секілдік ауыр қылмыстарымен бірнеше рет сотты болған. Соңғы рет 2009 жылы темір тордан босаған күдікті қылмыс әлемінде белгілі қолтаңбасы бар топты көптен бері басқарып келген. Енді ол өзінің сыбайласының қасына қамалды. Қазір осы топтың өзге де мүшелеріне іздеу жарияланған. Тергеу амалдары жалғасуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8HEhR_ZUvXw[/youtube]