90-нан асқандар көлік мінді

Сұрапыл соғыста отан үшін от кешкен отырарлық 5 ардагерге су жаңа «Нива» көлігінің кілті табысталып, 9-на ат мінгізілді

Сұрапыл соғыста отан үшін от кешкен отырарлық 5 ардагерге су жаңа «Нива» көлігінің кілті табысталып, 9-на ат мінгізілді. Жеңістің 68-ші көктемін өз көздерімен көрген 5 ардагер де жастары 90-ды алқымдаған.

Жеңістің 68-ші көктемін өз көздерімен көрген 5 ардагер де жастары 90-ды алқымдаған
Жеңістің 68-ші көктемін өз көздерімен көрген 5 ардагер де жастары 90-ды алқымдаған

Қашанда көнекөз қарияларын ардақтай білген отырарлық ағайындар қарт жауынгерлерге жаңадан салынатын «Әл-Фараби» мөлтекауданындағы алғашқы үйдің де қазығын қақтырды. Осында қоныстанатын жас отбасыларға қариялардың жасын берсін деген ырым еді мұндағы мақсат. Жалпы аумағы 103 гектар жерді алып жатқан жаңа мөлтекауданда жоба бойынша үш қабатты 60 үй бой көтермек. Пәтерлер алғашқы кезекте тұл жетімдер мен әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін көрінеді.

Сұрапыл соғыста отан үшін от кешкен отырарлық 5 ардагерге су жаңа «Нива» көлігінің кілті табысталып, 9-на ат мінгізілді
Сұрапыл соғыста отан үшін от кешкен отырарлық 5 ардагерге су жаңа «Нива» көлігінің кілті табысталып, 9-на ат мінгізілді

Сол бір қанды соғыс жылдарында Отырар ауданынан майдан даласына 3,5 мыңдай азамат аттанған болса, бүгінде сол сарбаздардың небәрі 14-інің ғана көзі тірі. Бүгінгі ұрпаққа кең байтақ жер мен тәуелсіздік нұрын тарту еткен ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Көненің көзіндей болған майдангер қарияларымыз да ерліктері бағаланып, халық құрметіне бөленгендіктеріне дән риза.

 

Гүлнұр САТБАЕВА