«Айнаш» химиялық тазалау арулардың таптырмас көмекшісі

650
"Айнаш" химиялық тазалау орталығында тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіледі

«Айнаш» химиялық тазалау арулардың ең бірінші қолқанаты. Киімдегі дақ пен үйдегі шаң-тозаңды тазалауда «Айнаштың» алар орны ерек. Кез-келген материалдағы кіріңізді кіршіксіз тазалауда білікті мамандар аянып қалмайтыны анық.

 "Айнаш" химиялық тазалау орталығында тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіледі
«Айнаш» химиялық тазалау орталығында тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіледі

Тазалық жаршыларын тосын сый күтіп тұрды бұл күні. Алматыдан ат артып келген мамандар аранйы семинар өткізді.

Орталық Азиядағы ассоцация мамандары химиялық тазалау орталығын аралап шығып, жұмыс барысымен танысты. Жаңа әрі заманауи технологиялармен кірді жуатын орталықтың семинары жоспарға сай өтті. Сондықтан болар, алматылықтар «Айнаш» химиялық тазалаудың жұмысына тәнті болды.

Соңғы технологиялармен жабдықталған
Соңғы технологиялармен жабдықталған

Семинар соңында барлық қатысушылар арнайы дипломмен марапатталды. Өзара тәжірибе алмасып, тарқасты.