Астыққа орақ түсті

Биыл 767 мың гектар алқапқа егістік егілген. Соның ішінде 183 мың гектарға арпа-бидай егіліпті. Былтырмен салыстарғанда бұл 25 мың га-ға артық

Қазығұрттың шаруалары жаздық бидайды жинауға кірісті. Қазірдің өзінде астық қамбалары бидайға тола бастаған. Өңіріміздің шаруалары былтырғыдай құрғақшылық орын алмаса әр гектардан 20-25 центнерден өнім аламыз деп үміттеніп отыр.

Бүгін олар «Айқожа» Өндірістік кооперативіне барып, астық түсімін көзімен көрді. Астыққа орақ түскеніне 4 күннің жүзі енді болса да, өімнің шығымдылығы шаруалар жағын қуантып тастады. Сабақ бидайға толы дейді ағынан жарыла. Күн де қарасып тұр. Әйтпесе, өткен жылғы қуаңшылық өңірдің жұртын әбден абыржытып тастап еді.

Сағидулла БАТЫРБАЙ, «Айқожа» ӨК төрағасы: «Өткен жылы өте құрғақшылық жыл болды. Жалпы Қазақстан бойынша құрғақшылық жыл болды. Оның үстіне, Оңтүстік. Бірақ соның өзінде бізде өзіне лайық өнім болды. Өткен жылы 18 центнерден өнім алды осы шаруашылық. Жалпы өзіміздің қарамағымыздағы мүшелердің барлығына тегін ұнмен, басқа да заттармен қамтамасыз еттік».

«Айқожа» ӨК-гі шаруалардың болжауынша, бұйыртса, әр гектардан 25 центнерден астық алынбақ. Жалпы, облыс бойынша биылғы бидай түсімін 360 тоннаға жеткізу межесі тұр. Жоспар орындалса, өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2 есеге жететін болады. Оған мүмкіндік бар. Өйткені, Оңтүстіктегі 183 мың гектар алқапқа биыл дәнді дақыл егілген.

Берік ОСПАНОВ, облыс әкімінің бірінші орынбасары: «Биылғы күтіліп жатқан нәтиже әр алқаптан орташа 20 центнерден күтіп отымыз біз. Қазіргі таңда облыста 2 мың гектардың көлемінде өнімдер алынды. Жалпы шығымы шамамен 22 центнерден болып жатыр. Енді әрі қарай көбейеді деп жоспарлап отырмыз».

Шаруалар үшін биылғы жаңалық гербициттер үшін қосымша субсидияның берілгені болып отыр. Тыңайтқыш пен жанармай да уақытында жеткізіліпті, биліктің айтуынша. Астық оратын техниканың да қарасы айтарлықтай көбейген. Қазығұрттағы бидайды ору үшін жаңадан 40 техника берілсе, облыс бойынша оның саны 200 -ге жетіпті. Осындай көптеп қолдаудың арқасында 1-,1,5 айдың ішінде астықты төкпей-шашпай жиып аламыз дейді шаруалар.

Биыл дәнді дақыл үшін 38 мың тонна тыңайтқыш берілді
Биыл дәнді дақыл үшін 38 мың тонна тыңайтқыш берілді
Биылғы өнім былтырғымен салыстырғанда екі есе алынады деп күтілуде
Биылғы өнім былтырғымен салыстырғанда екі есе алынады деп күтілуде
Шаруалардың сөзінше, техникалар үшін жанармай да уақытылы берілген
Шаруалардың сөзінше, техникалар үшін жанармай да уақытылы берілген
Бұл күні "Айқожа" ӨК төрағасы Берік Оспановтан ештеңе өтінген жоқ. Бір-біріне тек сәттілік тіледі. Өйткені, ӨК ұжымы мемлекеттен алатын барлық жеңілдіктерді уақытылы алып қойған көрінеді
Бұл күні «Айқожа» ӨК төрағасы Берік Оспановтан ештеңе өтінген жоқ. Бір-біріне тек сәттілік тіледі. Өйткені, ӨК ұжымы мемлекеттен алатын барлық жеңілдіктерді уақытылы алып қойған көрінеді
Дала жұмыстарына күн сайын 15-20 жаңа техника келуде
Дала жұмыстарына күн сайын 15-20 жаңа техника келуде

Берік Оспанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары
Берік Оспанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары
Сағидулла Батырбай, "Айқожа" ӨК төрағасы
Сағидулла Батырбай, «Айқожа» ӨК төрағасы
С.Батырбай Берік Оспанов пен Қанатбек Оспанбековке биылғы болжамды түсімнің көлемін түсіндіріп жатыр. Астықтан мол пайда тауып жүрген азамат биыл егіс көлемін 1,5 мың гектарға ұлғайтыпты
С.Батырбай Берік Оспанов пен Қанатбек Оспанбековке биылғы болжамды түсімнің көлемін түсіндіріп жатыр. Астықтан мол пайда тауып жүрген азамат биыл егіс көлемін 1,5 мың гектарға ұлғайтыпты
Шаруалар әр гектардан 25-30 центнерден өнім алсақ деген ниетте
Шаруалар әр гектардан 25-30 центнерден өнім алсақ деген ниетте
Бидайдан қалған сабан сол шақта-ақ престеліп жатыр
Бидайдан қалған сабан сол шақта-ақ престеліп жатыр
Қазығұрттағы шаруалардың өзіне биыл 40 жаңа техника берілген. Бұл тек дәнді дақыл үшін
Бидай орушылар астықты 1-1,5 айдың көлемінде бітуді жоспарлап отыр
Қазығұрттағы шаруалардың өзіне биыл 40 жаңа техника берілген. Бұл тек дәнді дақыл үшін
Қазығұрттағы шаруалардың өзіне биыл 40 жаңа техника берілген. Бұл тек дәнді дақыл үшін

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IFFq0aTzKBo[/youtube]