Демалыс лагерлері балаларды қабылдауға дайын

"Ақсу" лагеріне қазынадан бөлінген 41 млн. теңгеге демалыс алаңы салынып, бір корпусы толығымен жаңартылыпты
"Ақсу" лагеріне қазынадан бөлінген 41 млн. теңгеге демалыс алаңы салынып, бір корпусы толығымен жаңартылыпты
«Ақсу» лагеріне қазынадан бөлінген 41 млн. теңгеге демалыс алаңы салынып, бір корпусы толығымен жаңартылыпты

Лагерьлер маусымы басталды. Осы орайда қалалық білім бөліміне қарасты «Ақсу» жазғы лагеріне аз қамтылған отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кезекпен барып, демалатын болады. Бүгінде қазынадан қаралған қаржы аталған лагерьдің жөндеу жұмыстарына жаратылды.

Ертегі кейіпкерлері жаңа маусымашардың нышаны. Сурет кескіндемесі өнер мектебінің шәкірттеріне тапсырылыпты. Венера да өзі салған сурет демалушы балалардың көңілінен шығарына сенімді. Дайындық жұмыстарына екінші жыл ат салысуда.

Биыл «Ақсу» лагерінде көп өзгеріс орын алған. Қазынадан бөлінген 41 млн. теңгеге демалыс алаңы салынып, бір корпусы толығымен жаңартылыпты. Сондай-ақ асхана жиһаздары толығымен жаңартылып, асфальт төселген.

Жалпы биылғы жазда қалалық білім бөлімі 2500 жетім және жартылай жетім балаларға тегін жолдама беруді жоспарлап отыр. Ендігі жерде өңірдің 1000 баласы жазғы демалысын осында өткізетін болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=x2GTvZewUhU[/youtube]