ХҚТУ ректоры зейнетке шықты

1338
Лесбек Ташимов
Әбдібеков Уәлихан
Әбдібеков Уәлихан

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне жаңа ректор тағайындалды. Ол қызметке Әбдібеков Уәлихан Сейділдаұлы келді. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор У.С.Әбдібеков бұған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлeкеттік университетінің проректоры қызметін атқарған.

Әбдібеков Уалихан Сейділдаұлы (13.03.1960ж) қызмет жолын 1982 жылдан бастаған. Бірнеше халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасайды.

Екі монографиясы және 80-нен астам ТМД мен алыс шетелдердің реферацияланатын журналдарында, ғылыми басылымдарында жарияланған мақалалары бар, 5 ғылым кандидатын және 3 PhD докторды дайындаған.

Туысқан екі елге ортақ халықаралық мәртебесі бар жоғары оқу орнын басқаруда біршама айырмашылықтар мен артықшылықтар бар. Екі елдің ортақ оқу ордасы болғандықтан ректорды университет Жарғысы негізінде президент деп атау үрдіске айналған. Жаңадан сайланған ректорды Білім және ғылым министрі

Лесбек Ташимов
Лесбек Тәшімов

Б.Т.Жұмағұлов университет ұжымымен таныстырып, жұмыстарына сәттіліктер тіледі. Жиын барысында жаңа тағайындалған ректор, профессор У.Әбдібеков түркі халықтарының басын қосқан оқу ордасын өркендетуге, дамытуға барынша жағдай жасап, әлемдік деңгейде өзіндік орнын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.

Бұған дейін ректор қызметін атқарған Л.Т.Тәшімов зейнеткерлікке шығуына байланысты университет президенті қызметінен босады.

Техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Лесбек Тәшімұлы Тәшімов 2008 жылдың қаңтар айынан бастап осы аталмыш оқу орнын басқарған.