Түркістанда республикалық ІІ «Яссауи» пәндік олимпиада өтті

2978

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи университетінде өткен республикалық ІІ «Яссауи» пәндік олимпиада нәтижесі қорытындыланды. Олимпиадаға Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан жалпы саны бес мыңға жуық оқушы қатысты. Бұл туралы ХҚТУ-дің баспасөз қызметі хабарлайды.

001

Аталған олимпиаданың бірінші кезеңі 5-6 ақпан күндері 14 облыс орталығында онлайн түрде өтіп, 550 оқушы келесі кезеңге жолдама алған болатын.

Содан кейін Түркістан қаласындағы екінші кезеңге өткен оқушылар 11 пән бойынша білім сайысына түсіп, 33 оқушы грант иегері атанды. Бұл грант жеңімпаздары жоғарғы оқу орнында стипендия, жатақханамен қамтылады. Ал қалған 517 оқушыға университеттің арнайы сертификаты табысталды.

002

Осы орайда жоғарғы оқу орнының басшылары грант жүлдесіне іліге алмаған қалған оқушылардың 13-25 тамыз аралығында құжат тапсырып, Түркия мемлекеті бөлген 500 білім гранты конкурсына қатыса алады деп хабарлайды.