Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де «Адалдық дүкені» жұмысын жалғастыруда

1050

Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Адалдық дүкені» ашылып, өз жұмысын жүргізіп жатыр.

Агенттік тарапынан қолға алынған бұл бастаманың басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру болып табылады.

Дүкенде сатушы болмайды, оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алған тауары үшін ақшаны кассалық жәшікке салып, есеп айырысады.
Студенттер ұйымдастырушылар мен оқу орындарының басшыларына өз алғыстарын білдірді.

Естеріңізге салсақ, өңірімізде алғашқы «Адалдық дүкені» Түркістан жоғары медициналық және Түркістан гуманитарлық-техникалық колледждерінде ашылған болатын.