Ыстық күнде өрт қауіпті болып тұр

352
Дала өрті ауыздықталды

Ыстық ауа-райы өңірімізде өртті өршітіп тұр. Облыстың аудандарында соңғы күндері өрт оқиғалары жиілеген. Бір қызығы аудандағы тиісті сала мамандары оқиғаны жасырып әлек. Түркістан қаласында орын алған дала өртін жауаптылар жасырған.

Дала өрті ауыздықталды
Дала өрті ауыздықталды

Оған қоса, облыс аумағында соңғы уақытта өрттің алдын-алу жұмыстары  баяулап кеткен. Бәйдібек, Ордабасы, Созақ аудандары жыл сайын өрттің орын алуымен алда келеді екен. Әсіресе темір жол, облыстық маңызы бар тас жолдардың жиектеріне жолақтар жүргізуде салғырттық таныту  жауаптан құтқармайды деген облыс әкімінің орынбасары Сакен Қаныбеков өрт сөндіру қызметін сынға алды.

Сакен Қаныбеков
Сакен Қаныбеков

Сакен Қаныбеков, ОҚО әкімінің орынбасары: «Ертең қандай да бір өрт орын алса, өздеріңіз өшіресіздер. Сондықтан алдын-алу жұмыстарын пысықтаған жөн. Әсіресе, темір жолы бар аудандар келісімге келіп, алдын-алуды, өртті болдырмаудың жолын қарастыру керек. Жауаптылар берілген жұмысты тиісті уақытында атқармаса, жауапқа тартайық».