Қарт жүргізушіні өлтірген қаніпезер ұсталды

302
Қоқыстың арасынан марқұмның қолы шығып тұр

Шымкентте қарт кісіні өлтірген күдікті ұсталды. 64 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны екі ай бұрын жоғалып кеткен болатын. Содан бері еш дерек болмаған. Жақында тәртіп сақшылары осы қылмыстың бетін ашты. Оны қызылордалық 25 жастағы жігіт пышақтап өлтіріпті.

Мәйіт айдаладағы қоқыстың арасынан табылды
Мәйіт айдаладағы қоқыстың арасынан табылды

Өзінің жеке көлігімен жолаушы тасымалдап жүрген қария мамыр айының бір күнінде үйіне қайта оралмайды. Абыржыған туыстары дереу полицейлерге хабар берген. Арада екі аптадай уақыт өткен соң Ордабасы ауданынан белгісіз ер кісінің денесі табылады. Қоқыста жатып, жартылай шіріп кеткен марқұмды өзінің қызы саусағындағы жүзігінен және киім қалдықтарынан таныпты. Тағы бір аптадан соң 25 жастағы қызылордалық жігіт қолға түсті. Ол егде кісіні қылғындырып, пышақтап өлтірген және қоқысқа көміп тастаған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cACf_8Pylnw[/youtube]

Күдікті жігіт жүргізушіні көлігіне қызығып өлтіріпті. Өзі қарт кісі қарсылық көрсете алмайтынын алдын ала жоспарлаған. Еліне қайтқан соң көлікті жалған құжат жасап, сатып жібермек болады. Алайда, онысынан түк шықпаған.

Қоқыстың арасынан марқұмның қолы шығып тұр
Қоқыстың арасынан марқұмның қолы көрініп тұр

Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыс іс қозғалды. Оған қоса тәртіп сақшылары күдіктіге ұрлықы көлікті бұзуға көмектескендерді де іздестіріп жатыр.