«Өмір толы қайшылыққа»

Иса Омар
Иса Омар
Иса Омар

Белгілі журналист, Оңтүстікте жекеменшік, тәуелсіз басылымдардың негізін салған қаламгер Иса Омар соңғы кездері шығармашылық өнердің өзге қырынан да таныла бастағандай. Бұған дейін ел журналист, білікті басшы ретінде танып келген Иса Тасқұлұлы ақындығымен аты белгілі бола бастап еді, енді міне, сазгерлік те өнері барын танытуда.

Ән сүйер қауымға «Өмір толы қайшылыққа» атты жыр жинағын ұсынған Иса Омар Ораза айында игілікті іс бастап қайырымдылық концерттерін ұйымдастыруда. Ардагерлер үйі мен қарттар үйінде, балалардың жазғы сауықтыру демалыс орындарында өткізіліп жатқан осындай қайырымдылық концерттерінде есімдері елге белгілі әншілердің орындауындағы Иса Омардың «Бағалай біл», «Беу, дүние жалған ай», «Анамызды аяла» атты әндері шырқалуда. Ойлы, философиялық мәні бар жыр жолдары мен құлаққа жағымды әуенге құрылған шығарма әрдайым көрермен ықыласына бөленеді.