Кешенді тестілеу жалғасып жатыр

942
Кешенді тестілеу

Ел аумағында кешенді тестілеу науқаны басталды. Оңтүстікте Шымкент, Түркістан, Мақтарал аудандарында 4 күн бойы 5 300 талапкердің білім көрсеткіші таразыға түседі. Оған арнаулы оқу орнын, лицейді бітіріп немесе алдыңғы жылдары ҰБТ -да сүрінгендер қатысып отыр. 

Айбек Сейілхан тестілеу орталығының табалдырығын биыл 2-ші рет аттап отыр
Айбек Сейілхан тестілеу орталығының табалдырығын биыл 2-ші рет аттап отыр

Айбек Сейлхановтың арманы — информатика пәнінің ұстазы болу. Өткен жылы ҰБТ-да шектік балдан төмен жинап, ЖОО-на түсе алмай қалыпты. Сондықтан бүгінгі сынақта жыл бойы дайындалып, оқыған білімін дәлелдемек. Бірақ талапкер сұрақтардың шешімін табу қиынға соғатынын сезіп отырғандай.

Айбек Сейілханов, талапкер: «Қиын болады деп ойлаймын, жақсылық күтемін, ия дайындалдық қой. Күтеміз, жақсы болатынына сенеміз». 

Абыр-сабыр. «Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады» деген. Бұл кезде тыстағы ата-ана мониторға телміріп, әрқайсысы перзентіне алаңдап жүр. Уайымдағандары соншалықты, ғимараттың маңынан алыстар емес.

Гүлсім Жақыпбек, ата-ана: «Мен мынау Ордабасы ауданынан келген едім. Балам былтыр сәл төмендеу бал жинап, биыл кешенді тестке алып келіп отырмын. Мұхтар Әуезов университетіне. Өте қобалжулымын, баламмен емтихан тапсыратын секілдімін. Бірақ та мен балама сенемін. Мынандай техника дамыған заманда қазір баламның ана жерде отырғанын көріп тұрмын, Құдай қаласа жақсы бал алып шығады деген үмітім де бар».

Ғимарат табалдырығында металл тексеретін арнайы қондырғы орнатылған. Әзірге ешқандай ұялы телефон, техникалық құралдар немесе көмек қағаздары табылмапты.  Білім сынағын ҚР Білім және ғылым Министрлігінен арнайы шақырылған 7 өкіл қадағалап жатыр. Аудиторияға олардан басқа, бөгде ешкім кіргізіліп жатқан жоқ. Айтпақшы, қауіпсіздік шарасы да қамтамасыз етілген.

Ержан Әмірбекұлы, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің өкілі: «Барлығы қарастырылған,

Ержан Әмірбекұлы
Ержан Әмірбекұлы

төтенше жағдайлар бола қалса, балалардың денсаулығына байланысты, сұрақтардың барлығы мемлекеттік комиссия жөнінен шешілген. Оның барлығы Министрлік тарапынан ұйымдастырылған».

Қаламызда 3 тестілеу орталық жұмыс жасап отыр. Бүгін олардың әрқайсысында 1300 талапкерден тапсырады деп жоспарланғанымен, 98 пайызы қатысқан. Қалғандары белгісіз себептермен келмей қалыпты. Ал тестілеу науқаны алдағы 4 күн бойы жалғасады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AKhLgFTboMA[/youtube]