Шымкентте қасқалдақты атқан браконьер ұсталды (бейнекадр)

455
Қасқалдақ, аңшы мылтығы мен оқтар

Шымкенттік полицейлер заңсыз аң аулаған браконьерді құрықтады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті Қызыл кітапқа тіркелген қасқалдақты. Бұған қоса күдіктінің мылтығына тиесілі құжаты да жоқ. 

Қасқалдақ пен мылтық көліктің жүк салғышынан табылды
Қасқалдақ пен мылтық көліктің жүк салғышынан табылды

Дүйсенбіге қараған түні ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Шымкентте арнайы операция өткізді. Республика даңғылының бойында қойылған бекеттердің біріне Мерседес көлігі ілінеді. Қалыстардың қатысуымен көлікті тінтіген полицейлер 20-калибрлі аңшы мылтығы мен қасқалдақтың денесін тапқан.

Қасқалдақ, аңшы мылтығы мен оқтар
Қасқалдақ, аңшы мылтығы мен оқтар көліктің жолаушысына тиесілі

Қарудың иесі, яғни браконьер өзінің кінәсін теріске шығарған жоқ. Айғақты заттармен ұсталғанын түсінген ол қорғалатын құсты атып алғанын мойындайды. Айтуынша, табиғат аясына демалуға шыққанда өзімен бірге мылтығын ала кетіпті. «Жолда көрген құсымды атып түсірдім» дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jbmV5gHPHIk[/youtube]

Дегенмен, мерген жігіт аңшылық маусымы жабылғанын, оған қоса қасқалдақтың сирек кездесетін құс ретінде Қызыл Кітапқа енгізілгенін ұмытып кетсек керек. Оқиға орнына Абай полиция бөлімінің шұғыл-тергеу тобы келді. Қазіргі таңда қарудың қайдан шыққаны тексеріліп жатыр.