Жеңімпаздар

Шымкенттің полицейлері — чемпион! Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің намысын қорғаған тәртіп сақшылары Қостанайдан жеңімпаз болып оралды.

Жеңімпаздар
Жеңімпаздар

Спортшы жігіттерді әріптестері гүл шоқтарымен және оркестрмен теміржол вокзалында күтіп алды. Бұл полицейлер волейболдан Қазақстан біріншілігін жеңіп алған. Ішкі істер министрлігі аясында өткен байрақты бәсекеге еліміздегі барлық облыстың полицейлері қатысқан болатын. Сол 16 команданың арасынан біздің спортшы полицейлеріміз алдарына қара салмай, үздік атанды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің арнайы кубогі мен 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлдесін жеңіп алды. Ең үздік шабуылшы — біздің команданың құрамында. Ол — биыл жарысқа алғаш рет қатысып отырғанына қарамастан, үздік ойынымен төрешілерді тәнті еткен Батыр Қайрылбаев.

Турнирдің үздік шабуылшысы - Батыр Қайрылбаев
Турнирдің үздік шабуылшысы — Батыр Қайрылбаев

Біздің волейболшылар барлық командадан айқын басым түсіп, мықты екендерін тағы бір рет дәлелдеді. Айта кету керек, осыған дейін мамыр айында өткен Қазақстанның күштік құрылымдары арасындағы жарыста да Оңтүстіктің тәртіп сақшылары ішкі істер министрлігі атынан бақ сынасып, чемпион атанған.