ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұ.Сәдібеков іс-сапарын Арыс қаласынан бастады

280
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты арыстықтармен жүздесті
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты арыстықтармен жүздесті
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты арыстықтармен жүздесті

Депутат Ұ.Сәдібеков Арыс қаласы Теміржолшы ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Сайлаушылармен кездесу барысында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұмысы және Парламентте атқарған істер және «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының жергілікті жерлерде орындалуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында түсіндірілетін маңызды реформалар қатарында «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы деп депутат ерекше атап өтті. Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілген 16585 адамның 16385-мен әлеуметтік контракт түзілді. Олардың ішінде 27,2 пайызы (4461 адам) – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, 59,9 пайызы (9808 адам) – жұмыссыздар, 12,9 пайызы (2106 адам) – табысы аз адамдар қатарынан болса, 54,4 пайызы (8907 адам) – 16-29 жас аралығындағы жастар, 50,3 пайызы (8246 адам) – әйелдер.

Депутат сондай-ақ аталмыш бағдарламаның төрт бағытына жеке жеке тоқталып, маңызды мәселенің халықтың игілігіне асуы бойынша кең көлемді баяндама жасады.

Сондай-ақ кездесу барасында жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, әрбір мәселе бойынша нақты жауаптар берді.