30,31-тамызда демаламыз

Тамызда екі күн демаламыз

 

Тамызда екі күн демаламыз
Тамызда екі күн демаламыз

30-31 тамыз күндері Қазақстан Республикасында демалыс күндері болып жарияланды. 30-тамызда Қазақстандықтар Конституция күнін тойлайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасының негізгі заңы 1995 жылы 30 тамызда жалпы ұлттық референдумда қабылданды. Оған сәйкес мемлекетті президент басқарады, ал 30 тамыз мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып жарияланды.

Ал білім күні биыл жексенбіге тұспа-тұс келеді. Республикадағы барлық мектептерде алғашқы қоңыраумен қатар «Ұлтжандылық сабақтары» өтеді. Жалпы Қазақстан бойынша, биыл бірінші сыныпқа 250 мыңнан астам бала барады.