Úı ANONS Жаңа конституция ерекшелігі талқыланды

Жаңа конституция ерекшелігі талқыланды

Демалыс күні еліміздің бас құжатына өзгертулер енгізу бойынша референдум өткен еді. Жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде келіскендер саны басым. Ал бүгін осыған байланысты қоғамдық кеңес мүшелері  саяси науқан барысын талқылады.

Достық үйі ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелерінің кезекті басқосуы өтті. Жиында жаңа Конституция жобасы сөз болды. Кеңес мүшелері құжаттың мазмұнына тоқталды. Олар жаңа бастамағаа халықтың қолдауы жоғары болды деп санайды.

ИСМАИЛБЕК ШАЛАБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ: «Жаңа Конституция қабылдау жөніндегі ұстанымын өте жақсы қабылдағаны көрінді. Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 күн бұрын жаңа редакцияны 2 ай бойы күн-түн демей дайындағанын, соған аса зер салғанын айтқаннан кейін халықтың көзқарасы ерекше болды».

Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, референдум ел азаматтарының жаңа Конституцияға деген сенімін көрсетті. Негізгі заң жобасының қысқа мерзімде тыңғылықты әзірленуі мен халыққа кеңінен түсіндірілуі көпшіліктің оң көзқарасын қалыптастырды дейді жиналғандар.

ТӨЛЕХАН ҮСІПБЕКОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ: «Елімізге адал қызмет етеді деп сенемін осы Конституция. Конституцияны бәріңіз де оқыдыңыздар. Оның ішінде жақсы жаңалықтар болды. Тіл, білім туралы. Бізге ең жақыны білім ғой. Құдай қаласа бұл Конституция елімізге үлкен қызмет атқаратынына сенім артамын»

Сондай-ақ кеңес мүшелері жаңа редакцияда адам құндылығына ерекше мән берілгенін атап өтті. Әсіресе 2 палаталы Парламеттің құрылтайға ауысуы, отбасы құндылығы сынды өзгерістер ел болашағы үшін маңызды қадам дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.

КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАСЫ:  «БІЗДІҢ ҚАЗАҚ салтына тән, бұрыннан келе жатқан өсірген перзенттеріміз. Осы мәселе бойынша Конституцияда соқырға таяқ ұстатқандай жазылып көрсетілді. Яғни қарияларды ұл-қыздары қарауы міндеттеліп отыр. Үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар адам құқығы қаралған. Мәселен қандайд аболмасын, қылмыскер ма, қылмыскер емес пе  құқық қорғау органы жазалау алдында адвокатсыз түсінік алуға құқығы жоқ. Қазіргі адвокаттың құқығы қазіргі прокурордың құқығымен бірдей болайын деп тұр-ау»

Жиын барысында қатысушылар жаңа Конституция ел дамуына тың серпін беріп, құқықтық мемлекет қағидаларын нығайта түсетініне сенім білдірді.

Әсел Мәлік