71 жылдан кейін

Ордабасы ауданы Көкбұлақ ауылынан соғысқа аттанған Мұсаев Манаптың 1942 жылғы 3-желтоқсанда Сталинградты қорғаудың қанды қырғынында қаза тапқаны туралы қаралы қағазды ата-анасы сол кезде-ақ алған-ды

Ордабасы ауданы Көкбұлақ ауылынан соғысқа аттанған Мұсаев Манаптың 1942 жылғы 3-желтоқсанда Сталинградты қорғаудың қанды қырғынында қаза тапқаны туралы қаралы қағазды ата-анасы сол кезде-ақ алған-ды. Алайда, сұм соғыстың, одан кейін халық шаруашылығын қалпына келтірудің ауыртпалығы оның мәйіті қайда жерленгенін білуге, іздестіруге мұрша келтірмеді. 1971-жылы інісі Арап Волгоградқа арнайы барғанымен, нәтижесіз оралды.

Жуырда Мұсаевтар әулеті зор қуанышқа кенелді. Тоғжан ғаламтордан түп нағашысы – Манап атасының Сталинград түбінде, Вертячий хуторы маңындағы ұрыста қаза тауып, сонда жерленгені жөнінде білді.
Кезінде аудан әкімінің орынбасары, аудандық медицина бірлестігінің бастығы лауазымдарында абыроймен қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан Мұсаева Рахима Арапқызы көзайым хабарды естісімен, сіңлісі Ботакөз Амантайқызымен бірге жолға шыққан. Вертячийдегі бауырластар зиратында болып, ата әруағына тағзым етіп қайтты.

Лейтенант шенінде взвод басқарып, Отан, біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін небәрі 21 жасында қыршын кеткен, бейіті табаны күректей 71 жылдан кейін белгілі болған ержүрек жерлесіміз жөнінде газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінде толығырақ баяндаймыз.

Бақберген ӘБІЛДӘ, 

Темірлан ауылы, Ордабасы ауданы