Цирк әртістері футболға шақырады

332
Оңтүстіктің циркі

«Оңтүстікцирк» ғимаратында тамыздың 3-і мен 25-і аралығында Варшава циркі өнер көрсетіп жатқаны белгілі. Оңтүстік Қазақстанда гастрольдік сапармен жүрген сиқырлы өнер иелері көрермендерді әбден тәнті етуде. Онымен қоймай, бүгін тамыздың 21-не кешкі сағат 19.00-де Абай саябағындағы кіші футбол алаңына шақырады.

Мұнда «Оңтүстікцирк» МКК-ның қызметкерлері мен Варшава циркінің ұжымы арасында футболдан жолдастық кездесу өтпекші. Шотландияның «Селтигін» ойсырата жеңген қарағандылық «Шахтердің» жеңісінің құрметіне орай бұл жолдасьық кездесу ұйымдастылып отыр.

Чемпиондар лигасының плей офф кезеңіне жолдама алған алғашқы отандық команда ақтық кездесулерге бірінші қадамын жасады. «Отандастарымыздың жеңісін насихаттауға қашанда әзірміз»- дейді «Оңтүстікцирк» мекемесінің  ұжымы.

Айта кетейік, Варшава циркі командасының құрамында Африканың Таньзания қаласынан келген 4 қара торы жігіт те өнер көрсетеді.

"Оңтүстікциркте" өнер мен спортты серік еткендер қызмет етеді
«Оңтүстікциркте» өнер мен спортты серік еткендер қызмет етеді
Жолдастық кездесу "Оңтүстікцирк" ғимаратының маңында кіші футбол алаңында өтеді
Жолдастық кездесу «Оңтүстікцирк» ғимаратының маңында кіші футбол алаңында өтеді