Энергоүнемдегіш шамдардың артықшылығы көп

389
ОҚО-ның жастар ақпараттық қызметі энергоүнемдеуге шақырады

Үнемдеп үйренейік! ОҚО-ның жастар ақпараттық қызметі энергоүнемдеуге шақырады. Арнайы ұйымдастырылған семинарға қаланың бизнесмендері қатыстырылды.

Алла Какилбаева, Қазақстан жастар ақпараттық қызметінің өкілі: «Бұл тақырыпты көпшіліктің назарына жиі ұсыну қажет. Мен де біліміміді жетілдіру мақсатымен келіп отырмын».

Басқосудың мақсаты: қала тұрғындарын электр энергиясын үнемді жұмсауға үйрету. Мұндай жиын Шымкентте биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар кәдімгі электр шамынан бас тартып, заманауи энергоүнемдегіш шамдарды пайдалануға шақырады. Сонда электр жарығын 5 есеге дейін үнемдей аламыз дейді олар.

Елена Швецова, Шымкент қ. жастар ақпараттық орталығының директоры: «Көп адам қазіргі қолданыстағы шамның электр энергиясын артық пайдаланатынын білсе де, білмеген кейіп танытады. Бұл шамдар 2014 жылдан бастап өнідірістен алынып тасталынады».

ОҚО-ның жастар ақпараттық қызметі энергоүнемдеуге шақырады
ОҚО-ның жастар ақпараттық қызметі энергоүнемдеуге шақырады

Бірақ энергоүнемдегіш шамдардың қолданыстан кейінгі жойылуы жайында жиында ешкім тіс жармады. Заманауи шамдарды жоятын жер ойластырылмаған әлі. Сондықтан да Шымкентте энергоүнемдегіш кеңселер әлі ашылмаған.