Оңтүстіктегі ретро-фестиваль саңлақ сазгерлерге арналды

419
ОҚО-дағы ретро-фестиваль сазгерлер құрметіне арналып отыр

Бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақтың саңлақ сазгерлері» атты көрменің тұсауы ресми түрде кесілді. Көрменің төрі қазақ вальсінің падишаһы Шәмші Қалдаяқовтың естеліктеріне арналған. «Қазақта шәмші еді ән бұлағы » атты құрмет бұрышымен танысуға мәдениет майталмандары арнайы шақырылыпты. Маңызы мол шара аясында сазгердің үзеңгілес замандастары бірге бастан өткерген оқиғаларды тағы да еске алысты.

Реро-фестиваль биыл 4-ші рет қолға алынып отыр
Реро-фестиваль биыл 4-ші рет қолға алынып отыр

Мұхтар Шаханов, ақын: «Екеуміз бірлесіп қаншама ән жаздық, соның бірі сына «Арыс жағасында деген ән. «Арыс жағасындағыны» тіпті алғашқы кезде көркемдік кеңес қабылдамай қойды. Содан кейін Ескендір Хасанғалиев пен Нұрғали Нүсіпжанов екеуі бірлесіп, айта берді, айта берді. Содан кейін жұрттың арасына тарап кетті, кейін тоқтата алмай қалды. Ал қазір біреу айтады маған мен 1200 әннің автомын деп, бұл не тағы?! Ал оның ел аузында жүрген бірде-бір әні жоқ. Жүз жерден қанша талант болса да, жүз жерден дөкей болса да егер оның жүрегі ұлттық рух, елім, жерім деп соқпаса оның өнері көк тиын».

Мұхтар Шаханов қазір
Мұхтар Шаханов күніне 5 ән жазатын  «заманауи композиторлардың» қаптап кеткеніне ашынып отыр

Ал «Арыс жағасында» дәстүрлі ретро-фестивалі биыл 4-ші рет өткізілмек. Бұл жолғы шара қазақтың біртуар мәдениет майталмандары – Мұхтар Шаханов, Исрайл Сапарбай, Сүгірәлі Сапарәлиев, Сапарбек Медеубеков, Әшірхан Телғозиевтың шығармашылығына арналып отыр.

Баспасөз жиынға жорналшылармен қатар, өнер адамдары да қатысты
Баспасөз жиынға жорналшылармен қатар, өнер адамдары да қатысты

Ақын-композиторлардың жорналшылармен өрбіген кездесуінде, кеш қаһармандары өздерінің өмір жолы мен еңбектері турасында қойылған сауалдарға бүкпесіз жауап беріп, жиынның сәнін кіргізді. Ал, «бұрын соңды мұндай жоғары дәрежеде ұйымдастырылған емес еді»-деп фестиваль өтпей жатып ақ тамсанған облыстық мәдениет басқармасының басшылығы оған жұмсалған қаржыны құпия сақтауды жөн көрді.

Баспасөз жиынға қатысушылар өнер майталмандарының өткеніне қатысты сұрақтар қоюды ұмытқан жоқ
Баспасөз жиынға қатысушылар өнер майталмандарының өткеніне қатысты сұрақтар қоюды ұмытқан жоқ

Күлия Айдарбекова, ОҚО Мәдениет басқармасының басшысы: «Біз басында 2 композиторға арнасақ па дедік, одан кейін 3 композиторға жетті. Қазіргі таңда арнаған 5 компазитормызды айтсақ, екеуі 1938 жылы туылған екен. Біреуі 40 жылы, біреуі 41 жылы, біреуі 42 жылы, оларды бөлуге біздің құқымыз жоқ деп есептедік».