Отызға жуық отбасының тұрмыстық техникасы күйіп кетті

337
атылып кеткен теледидар

«Тельман» шағынауданында таңертеңгі тоқ желілерінің тұйықталуынан отыз шақты отбасының тұрмыстық техникалары күйіп кетті.

Гүлзипа Аманбаева, «Дәстүр» көшесінің төрайымы: «Свет әбден жанымызға тиді. Холлдильнигіміз күйді, компьютеріміз күйді. Хорошо что, күндіз болды. Ал түнде болғанда пожар болатын еді. Бұған кім жауап береді? Не айтамыз бұған? Кімнен көмек сұраймыз?».

Үп еткен желге сөніп қалатын жарық желісі мен ойнамалы трансформатордың тұрғындарды әбігерге салуы бірінші рет емес. Отызға жуық отбасының басым бөлігі несие алған техникаларының күйіп кеткеніне налып отыр.

атылып кеткен теледидар
атылып кеткен теледидар

Бұл көше тұрғындары желіні өздері жүргізіп, жекенің меншігіндегі трансформатордан жарық алып келген. Оларға мемлекет есебінен электр енді тартылып, желілер ауыстырылады деген Абай аудандық әкімдігі, осы жылдың аяғына дейін сапалы жарық берілетінін жеткізді. Ол үшін бюджеттен 26 млн. теңге бөлініп, Бүгінгі оқыс оқиға байланысты шығындар есептеліп, арнайы тізім жасалынып жатыр екен. Тоқтың тұйықталуынан келген шығынның өтемін жергілікті билік өндіріп беруге уәде етті.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Шығынның тізімін алып жатырмыз. Негізі электр таратушы мекемелермен де сөйлестік. Желіні халықтың өзі жүргізіп алған. Бұл ешқандай талапқа сай келмейді. Электр желілері біздікі болса, «Оңтүстік Жарық Транзит» балансында болса, басқаша болар еді. Сондықтан барынша халыққа көмек болатындай көреміз».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FUWPthKoV1Q[/youtube]