Полицияда кадрлық өзгеріс

Шырынбек Оңғаров
Шырынбек Оңғаров
Шырынбек Оңғаров

Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың тамыздың 20-сы күнгі №268 Бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Шырынбек Оңғаров тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ол бұған дейін осы басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарып келген-ді. Енді оның орнына «зам» болып жоғарыда аталған бұйрықпен Сыздықов Мұхтар тағайындалды.

Ал басқарма бастығы болған Сәкен Әбілдаұлы Айтпеков ОҚО ІІД-і бастығының орынбасары болып тағайындалған.

Жаңа қызметке жайғасқан полиция мамандарын құттықтай отырып, «Оңтүстік Рабат» газеті олардың еңбекте табысты болуына тілектестік білдіреді!