Саңлақ сазгерлер шығармасы көрмеге арқау болды

Көрме қонақтары «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші туралы естелік әңгімелер айтты

 «Қазақтың саңлақ сазгерлері».  Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен көрме осылай аталды.

Мұхтар Шаханов, Әшірхан Телғозиев, Исраил Сапарбай, Сүгірәлі Сапарәліұлы және Сапарбек Медеубековтер көрменің қонақтары болды
Мұхтар Шаханов, Әшірхан Телғозиев, Исраил Сапарбай, Сүгірәлі Сапарәліұлы және Сапарбек Медеубековтер көрменің қонақтары болды

Мәдени іс-шара Оңтүстік өңірінде жыл сайын өтетін ретро фестиваль аясында ұйымдастырылған. Шығармалары мен фотосуреттері көрме сөрелерінен орын алған белгілі сазгерлердің өздері де жиын қонағы болды. Олар, Мұхтар Шаханов, Әшірхан Телғозиев, Исраил Сапарбай, Сүгірәлі Сапарәліұлы және Сапарбек Медеубековтер.

Көрме қонақтары «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші туралы естелік әңгімелер айтты
Көрме қонақтары «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші туралы естелік әңгімелер айтты

Оңтүстік өңірі ілкі заманнан сазы мен күйі арқылы қазақ даласына аты шыққан өлке. Бұл өлкенің топырағында дүниеге келген талай қазақ дарындарының есімі жұртқа мәлім. Солардың бірі — иісі қазаққа танымал дара тұлға Шәмші Қалдаяқов. Көрме қонақтары «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші туралы естелік әңгімелер айтып, баға жетпес рухани құнды дүниелерін тілге тиек етті. Шәмші әндерін тағы да насихаттай түскен бүгінгінің саңлақ сазгерлері өз шығармаларына да тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы өтетін ретрофестиваль осы кісілердің шығармашылығына арналмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DKQ5mXs1RFo[/youtube]