Сергей Емельянов – Әлем чемпионы!

381
Сергей Емельянов інісі Тимофеймен бірге

 

Сергей Емельянов інісі Тимофеймен бірге
Сергей Емельянов інісі Тимофеймен бірге

Сүйінші! Жерлесіміз, оңтүстікқазақстандық ескек есуші Сергей Емельянов Әлем чемпионы атанды. Ол Канадада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде ел қоржынына алтын медаль салды. 1000 метр қашықтыққа байдаркада ескек есуден оған тең келер ешкім болмады.

Естеріңізге сала кетейін, Денис Жарменовтің шәкірті жақында ғана дүниежүзілік Универсиадада екі күміс медальға қол жеткізген болатын. 

Сергей мен Тимофей Емельяновтар жұпта өнер көрсетіп, жетістікке жеткен
Сергей мен Тимофей Емельяновтар жұп болып өнер көрсетіп, жетістікке жеткен

Каноэ мен байдаркада ескек есуден 1000 метрлік жарыста жерлесіміз  венгриялық Тамаш Кисске ғана есе жіберді.  Одан кейін 500 метрлік қашықтыққа жалғыз ескек ескен Сергей  күміс медальға қол жеткізді.

Мұхит асқан спортшылардан қуанышты хабар күтеміз. Өйткені бұл жарыстың алғашқы күнінің ғана нәтижесі.