Шымкенттің қақ ортасынан казино табылды

309
Заңсыз казиноның іші

Қаланың қақ ортасында заңсыз жұмыс жасап келген ойынхана анықталды. Құмар ойынның ордасын облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызмткерлері арнайы рейд жүргізу барысында әшкерелеген. Қала аумағындағы ойынханаларға заңмен тыйым салынғанына қарамастан бұл нысанның Шымкентте шаруасын шалқытып келгеніне бірнеше жыл болған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TXhoumY0nYc[/youtube]
Шәмші Қалдаяақов көшесінің бойындағы ойынхананың жұмысы жолға қойылғанына біраз болған. Тәртіп сақшылары осында кіргенде құмар ойынға қызыққандар қатары қалың еді. Көлеңкелі кәсіптен келетін табыс та толағай деседі. Бірақ, тексеру кезінде кассадан аса мол ақша табылмады.

Заңсыз казиноның іші
Заңсыз казиноның іші

Түннің жарымында осы ғимаратта болғандардың барлығынан түсініктеме алынды. Олардың арасында ойынхана күзетшісі бар. Бірақ, алғашында ол өзін полицейлерге «ойыншымын» деп таныстырмақ болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tokJcsTVGkY[/youtube]

Енді бұл құмархананың мәселесін қаржы полициясы майшаммен қарайтын болады. Анықталған жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар анықталып жатыр. Айта кету керек, ойынханаға ғимаратты жалға берген адам да жауапқа тартылады.