Шымкенттің футболшы-қыздары жарап тұр

217
Бұл футболшылар қыркүйек айында өзінен екі жасқа үлкен аяқдопшылармен сынға түсетін болады

Шымкенттің 14-15 жастағы футболшы қыздары ел чемпионатынан оралды. Жерлестеріміз 12 ойын өткізіп, оның барлығында да басым болған. Оңтүстік құрамасының ойыншылары әр ойында бірнеше голдан салып, шымкенттік шабуылшы үздік бомбардир атанды. Ол 12 ойында 28 гол соғыпты. Дода павлодарда жалауын көтерген болатын.

Бұл футболшылар қыркүйек айында өзінен екі жасқа үлкен аяқдопшылармен сынға түсетін болады
Бұл футболшылар қыркүйек айында өзінен екі жасқа үлкен аяқдопшылармен сынға түсетін болады

Енді Абдуваит Юлдашевтің шәкірттері өзінен екі жасқа үлкен футболшылармен сынға түсу үшін дайындалуда. Бүгін бапкер оларды жаңа тәсілмен жаттықтыруды бастады. Өйткені қыркүйек айында өтетін ел чемпионатында жерлестеріміз бас жүлдені жеңіп алуы тиіс.

Жерлестеріміз жаңа жаттығу тәсілдеріне көшкен. Бапкер әр жарыстан кейін дайындық әдісін өзгертеді. «Ғаламтордан емес, жылдар бойғы тәжірибемнен алынған әдістер»- дейді Абдувайт Хамитұлы. Оның үстіне келесі жылдан бастап жерлестеріміз халықаралық аренада топты жаруды көздеп отыр. Европалық жарыстар қыздардың тәжірибесін арттыра түседі.

Нұрлан Орынбаев, №7 қалалық футбол мектебінің директоры: «Бұл қыздар біздің болашағымыз. Әрине, біз европалық командалардан қалып қойғанбыз. Алайда, жастар тынбай еңбектеніп жатыр. Ол дегеніміз, тағы бірнеше жылда топты жарамыз».