Жол бойындағы арықты заңсыз бұзып жатыр

260
арықтан келген араз көп

 

арықтан келген араз көп
арықтан келген араз көп

«Жаңбыр суы қайда барып құяды? Жол бойындағы арықтарды заңсыз бұзып жатыр». Шымкенттегі Әлімбетов көшесінің тұрғындары осылай деп наразылық білдірді. Ал әкімдік бәрі де заңды дегенінен қайтпайды. 

Әлімбетов көшесінің №40 үй маңында шаңнан аяқ алып жүре алмайсың. Мұнда құрылыс жүріп жатыр. Құрылыс болғанда да көше бойындағы арық бұзылды. Бұған тұрғындар наразы.

«Бұл қырық жылдан бері су жүріп тұрған арық. Су да жақсы келеді мұнда. Бірақ мына көрші алды да ешкіммен келіспестен бәрін бұзып тастады. Ертең жауынды шашынды күз келеді. Сонда жаңбыр суы көшені шаятын болады. Жергілікті әкмідік қайда қарап отыр?!-деп наразылығын білдіреді тұрғындар.

Тұрғындарды ашындырып отырғаны құрылысшылардың ирригациялық жүйені ешқандай ескетусіз бұза бастағаны. Көршінің көпшілікпен кеңеспеуі көңілімізді қалдырды дейді олар.

Ал әкімдіктегілер, арықтың бұзылуы ешқандай ережеге томпақ емес. Бәрі де текселірген, рұқсат етілген дегеннен танбайды.

Мырзахан Керімбеков, әл Фараби аудандық әкімініңорынбасары: «Біз Әлімбетов көшесі, 40-шы үйдің тұрғындарының арызын толық тексеріп шықтық. Мұнда шынында да арық бұзылып жатыр. Мұны жасап жатқан тұрғынның үйінің жертөлесін жыл сайын арық суы алып, мазаны алады екен. Біз тексердік те. Шынында да солай боп шықты. Қолында арықты бұзуға берілген рұқсат қағаздары бар».