«Асар» шағынауданындағы үйлерден мүлік және жер салығы алынбайды

306
Мүлік және жер салығын төлеу мерзімі 30-шы қыркүйекте аяқталады

Биыл өңірімізде мүлік салығынан қазынаға 42 миллион теңге жинау жоспарланған. Қазіргі таңда 38 миллион теңге жиналған. Ал жер салығынан жиналуы тиіс салықтың көлемі 23,5 миллион теңге, бүгінге бюджет 19 миллион 195 мың теңгемен толықты. Салықшылар жаңа салынған үйлердің иелері мен енді жер алған азаматтар құжаттарын жылжымайтын орталықта тіркесе, бұл көрсеткіш едәуір көбейетін еді дейді.

Мүлік және жер салығын төлеу мерзімі 30-шы қыркүйекте аяқталады
Мүлік және жер салығын төлеу мерзімі 30-қыркүйекте аяқталады

Осы арада «Асар» шағынауданындағы үйлер жайлы айта кету керек. Мұндағы бюджет есебінен салынған 1500 үйдің 500-ге жуығы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға тиесілі болса, қалғаны мемлекеттік коммуналдық меншікте.

 Гүлжан Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары: «Өйткені, «Асардағы» үйлер несиеге немесе жалға берілген. Соның иесі баспанасын жекешелендіргенде ғана салық төлейді.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=aoN1Q9CsLU8[/youtube]