Мүлік салығын төлеу мерзімі 1-ші қазанда аяқталады

33

Әл-Фараби аудандыбойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2021 жылға мүлік салығының төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1- қазанында аяқталатынын ескертеді.

Жалпы аудан бойынша 51 576 салық салу объектілері тіркелген. Соның ішінде тұрғын үй 14 561, пәтерлер саны 32 мыңнан асады, 4443 гараж бар. Яғни, 2021 жылға барлығы 353 млн 955 мың теңге мүлік салығы есептелген. Бүгінгі күнге 12 272 салық төлеуші 126 млн 807 мың теңге көлемінде былтырғы жылдың мүлік салығын төлемеген. Берешегі бар деген сөз.  Сала мамандары салық төлеушілерді міндетті төлемді мерзімінде өтеуге шақырады.

Жұман Шерхан, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім  басшысы: «Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Сіздерге 2021 жылға мүлік салығының төлеу мерзімі 2022 жылдың 1 қазанында аяқталатынын хабарлайды. Салық Кодексінің 128 бабының негізінде жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарып, мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Салық кодексіне сәйкес әрбір кешіктірілген мерзімге өсімпұл сомалары есептелінеді. Сот орындаушылар тарапынан барлық мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданады, яғни, банктік есеп шотына шектеулер қою, шетелге шығуға шектеулдер қою, жылжымайтын, жылжымалы мүліктерді тәркілеу, оны әрі қарай аукцион арқылы сату жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, бюджет алдында берешек қарызыңыздан бөлек, қосымша тағыда 25 пайыз өндіріледі. Мысалы, Сіз бюджет алдында 100 000 теңге қарызыңыз болған жағдайда, бюджетке 100 000 теңге төлем жүргізіп, оған қосымша 25 пайыз 25 000 теңге сот орындаушының қызметіне төлем жүргізесіз».