Бос жатқан жерді тиімді пайдаланды

Ол Борлысай ауыл округі, Ақтас ауылындағы «Орта сүңгі» өзенінің жанындағы бос жатқан 3 гектар жерді тиімді пайдалана білді

Қазіргі таңда ауданымызда егін шаруашылығы мықтап қолға алынып келеді. Диқаншылар суармалы жерден бөлек, су бармайтын алқапты тамшылатып не болмаса су сору қондырғысы арқылы суарып, дән егіп, өнім алуда. Оған дәлел – жас та болса, бас бола білген диқаншы Шайхан Исаханның нәтижелі ісі.

Ол Борлысай ауыл округі, Ақтас ауылындағы «Орта сүңгі» өзенінің жанындағы бос жатқан 3 гектар жерді тиімді пайдалана білді
Ол Борлысай ауыл округі, Ақтас ауылындағы «Орта сүңгі» өзенінің жанындағы бос жатқан 3 гектар жерді тиімді пайдалана білді

Ол Борлысай ауыл округі, Ақтас ауылындағы «Орта сүңгі» өзенінің жанындағы бос жатқан 3 гектар жерді тиімді пайдалана білді. Бұл жерге ешқашан дән себіліп, егін егілмеген. Осы уақытқа дейін жай ғана ат арқандайтын жағалау болып, қараусыз жатқан еді. Шайхан оны тұтастай қоршап, қуатты су тартатын қондырғы арқылы 3 гектар жерге «Красная заря» деген картоп түрін егеді. Тың жерге егілген дақылдың өнімділігі жоғары болатыны белгілі. Жаз бойы тек суару және қопсыту жұмыстарын жүргізгенімен, диқаншы бір түйір де тыңайтқыш бермепті. Ал, өнімділігі өте жоғары. Бүгінде жиын-терім кезінде алқаптан алынған картоп гектарына 15 тоннадан айналып отыр. Қазір Шайхан ауыл адамдарымен бірге ұйымдасқан түрде картоп жинау үстінде. Көтерме сататындардың өзі егіс басынан біразын қаптап алып кетіпті. «Ендігісін ауыл тұрғындарына жеңілдетілген бағамен босатып, қалғаның қалаға жөнелтсем деген ойым бар» дейді жас кәсіпкер.

Бағлан НҰРАЛЫҰЛЫ