Кәсібінің ауқымын кеңейтуге көмек берді

Бүгінге дейін көмек алған 13 мыңнан аса кәсіпкерді қаржыландыруға 20 млрд.тан аса теңге жұмсалған

Заманауи техника – сапалы жұмыстың негізі. Жеке кәсіпкер Ерман Биекеевтің мекемесі таяуда офсетті баспа станогін сатып алып, түрлі баспа қызметін орындауды қолға алды. Оларға кәсіпкерлерге қызмет көрсету жақсы қолдау көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, қаржы табуда көмектескен.

Тіпті, орталық ұжымы баспаханашылар жаңа техниканың тілін тезірек меңгеру үшін Германиядан маман шақыртуға да қол ұшын созыпты.
Баспаханашылар жаңа техниканың тілін тезірек меңгеру үшін Германиядан маман да шақырылған

Ерман Биекеев, жеке кәсіпкер: «Осы уақытқа дейін біз үшін несиені алу мүмкін емес болғандықтан, өз қаржымызбен оны-мұны сатып алып жүргенбіз. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының субсидия беруде көмек беретінін бұрыннан да білетінмін. Осы ретте орталықтың көмегін пайдалануды ұйғарып, қаржыландыру көзіне қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінде баспаханамыз осындай дәрежеге жетіп, деңгейіміз жоғарылады».

Берік Кенжебаев, облыстық КҚКО баспасөз хатшысы: «Ай сайын кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 1 миллиард теңгеге 40 жаңа өндіріс орындары ашылып тұрады. Онда  2 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары бар».

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында қолға алынған жобаларда 15 адам жұмыспен қамтылған.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаларда 15 адам жұмыспен қамтылған.

Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегіне 14 мыңнан аса адам жүгініпті. Орталық өкілдерінің сөзінше, солардың басым бөлігіне тиісті көмек берілген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2eOQuZ3ZqWw[/youtube]