ОҚО-да электр оқшаулағыштары шығарылады

Қазір мұнда гипстен қалыптар құйылып, электр изоляторларының 3 түрі дайындалып жатыр.
 Қазір мұнда гипстен қалыптар құйылып, электр изоляторларының 3 түрі дайындалып жатыр.
Қазір мұнда гипстен қалыптар құйылып, электр изоляторларының 3 түрі дайындалып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы болашағы зор жобаларды қолдап, іске қосылуына мұрындық болып жатыр. Мамандардың айтуынша, аталған орталықтың көмегімен ай сайын 40 жаңа жоба іске қосылады екен.

Соның бірі Сайрам ауданының Сайрам ауылынан іске қосылған «Үміт» өндірістік кәсіпорны. Мұнда Қазақстанда тұңғыш рет фарфорлы электр оқшаулағыштарын шығару қолға алынған. Кәсіпкер Анармет Төленовтің бұл ісі кәсіпкерлерге қолдау орталығынан қолдау тауып, қаржыланды. Қазір мұнда гипстен қалыптар құйылып, электр құралының 3 түрі құйылып жатыр.

Кооператив төрағасы мұндай цех ашуды 4 жылдан бері армандап келіпті. Алғашында өз ақшасын салып, жұмысты бастап көрген кәсіпкер қаржы тапшылығына байланысты істі тоқтатып қойған. Енді «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 5 миллион теңге алған өндірістік коопертив несиесін 7 пайызбен төлейді. Болжамына сенсек, қарызын уақыты өтемек. Өйткені, шығарған өнімдері нарықта қымбат сатылмайды дейді. Демек, тез сатылады деген сөз.

Анармет Төленов
Анармет Төленов

Анармет Төленов, кооператив төрағасы: «Біздің шығарып отырған тауарларымыз нарықта үлкен сұранысқа ие. Тіпті, базардан электр изоляторларын табу өте қиын. Қазір Ресейдің шығарған изоляторларын біздің жерлестер 950-1000 теңгеден алып жатыр. Ал біздің цех жұмысқа кіріскен соң, әрбір данасын 650-700 теңгеден саудаламақпыз».

Әзірге, цех толық қуатында іске қосыла қойған жоқ. Гипстерді қыздыру пештері дайындалып, соңғы жұмыстар жасалып жатыр.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lUbX_l-pYzw[/youtube]