Отбасылық жанжалдың соңы әйелі күйеуін өлтірумен аяқталды

330
Күдікті азаматша

Шымкентте әйелі күйеуін өлтіріп тастады! Отбасылық жанжалдың соңы осылайша қайғылы аяқталып отыр. Ерімен керісіп қалған келіншек күйеуінің көкірегіне пышақ сұғып алған. Соның салдарынан 35 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Күдікті азаматша
Күдікті азаматша

Оқиға Азат шағынауданында болған. Осындағы үйлердің бірінде қанды қылмыс болғаны жайлы тәртіп сақшыларына көршілері хабарлайды. Көрсетілген мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері өз үйінде өліп жатқан 35 жастағы жігіттің жансыз денесіне тап болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=K3uknRjNb5A[/youtube]

Күдікті – марқұмның келіншегң болып шықты. Өзінің әрекетін бірден мойындаған 30 жастағы келіншек күйеуі екеуі сол күні қатты керісіп қалғанын айтады. Содан ері пышақ ала ұмтылғанда суық қаруды өзіне қайыра тығып жіберіпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7YygXOK7bhQ[/youtube]

Оқиға орнынан қан дақтары бар пышақ табылды. Күдікті азаматша қамауға алынып, кісі өлтіру әрекетіне қатысты қылмысты іс қозғалды.