Шымкентте сейсмо-дабыл қағылды

Қала тұрғындары алаңға жиналды

 Бүгін таңғы сағат 09:00-де Шымкентте сейсмо-дабыл қағылды. Алыстан естілетін сирена үні қалада жер сілкінісіне дайындық жұмыстарының басталғанынан хабар берді.

Қала тұрғындары алаңға жиналды
Қала тұрғындары алаңға жиналды

 Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен қала тұрғындары бірге өткізген іс-шарада келешекте болуы мүмкін жер сілкінісі кезіндегі сақтық шаралары пысықталды. Бұл жаттығу апат бола қалған жағдайда халықтың төтенше жағдайдан сақтану сауатын арттыру мақсатын көздейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kk8WcATg4ko[/youtube]

 Мысалы, көпқабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратындардың зілзала кезінде сыртқа шығуына мүмкіндік бар. Ал үшінші және одан жоғары қабаттардан сыртқа шығу – қауіпті. Осы тектес шарттарды орындалған жағдайда ғана зілзала адам өміріне айтарлықтар шығын келтірмеуі тиіс.

Қала тұрғындары тиісті нұсқауды күтіп тұр
Қала тұрғындары тиісті нұсқауды күтіп тұр