Шымкенттің жас грек-рим палуандары Еуразия ойындарынан 2 алтынмен оралды

196

Алматыда жалауын көтерген Еуразия ойындарында Шымкенттің екі спортшысы алтыннан алқа тақты. Олар -№10 жекпе-жек спорт түрлері мектебінің шәкірттері. Жерлестеріміз жарыстан орала салысымен-ақ оларды спорт мектебінің әкімшілігі марапаттады. Жеңімпаздар – Рахымжан Рысалиев және Мамырбек Мұхаммади. Рахымжан  Еуразия ойындарында 32 келі салмақтағылар арасынан топты жарып, 5 елдің палуандарымен белдесті.

Шымкенттің қос палуаны Еуразия ойындарының алтын медалін қоржынға салды
Шымкенттің қос палуаны Еуразия ойындарының алтын медалін қоржынға салды

Ал Мамырбек Мұхаммади 38 келідегі палуандар арасында чемпион атанды. Осымен үшінші рет өтіп отырған байрақты жарыста Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей саңлақтары спорттың 13 түрі бойынша ептіліктерін сынға салды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iWboCPQti78[/youtube]