Талан-таражға түсетін мемлекеттік бағдарламалар

335
Сыбайлас жемқорлық

Қаржы полициясы бюджетінің қаржысы талан-тараж болатын мемлекеттік бағдарламалардың бестігін жариялады. Еліміздің Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің хабарлауынша, бірінші орында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы тұр. Аталмыш жоба аясында мемлекеттік қаржыға қол сұғудың 65 фактісі тіркелген.

Сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық

Екінші орында – «Ақбұлақ» бағдарламасы. Аталмыш жоба бойынша бюджеттік ақшаның желге ұшқаны туралы 46 дерек әшкереленіпті. Ал «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы 24 заңсыз әрекетпен үшінші орынға жайғасса, 21 құқық бұзушылық фактісі анықталған «Агробизнес» жобасы төртінші орында келеді. «Бизнестің жол қартасы – 2020» бағдарламасы 13 қылмыстық іспен алғашқы бестікке еніп отыр.