Ұстаздар көшбасшы тәрбиелеуге көшті

562
Ұстаздар көшбасшы тәрбиелеуге тырыспақ

«Көшбасшы болу және мақсатқа жетудің жолдары». Қаламыздағы №65 мектеп-гимназияда осындай тақырыпта семинар-тренинг өтті. Оқу-жаттығудың басты талабы – Елбасының ізденімпаздығы мен кемеңгерлігін тану. Жас мұғалімдерді жинаған «Ғаламат» үкіметтік емес ұйымы бүгінгі қоғамда қызмет етудің тиімділігін түсіндірді. Бұған қоса шәкірттің білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі зияткерлік ойындарды қолданысқа енгізудің тәсілдерін үйретіп бақты. Ал мамандар мектеп оқушыларымен жұмыс жасауда міндетті түрде бағдарламаға Елбасының портретін енгізіп, құрмет тұтуды ұсынып отыр.

Ұстаздар көшбасшы тәрбиелеуге тырыспақ
Ұстаздар көшбасшы тәрбиелеуге тырыспақ

 Гүлжан Мұсабекова, оқытушы: «Өмірге байланысты қиындық туған жағдайда не істейміз? Қоғамда көшбасшылықтың рөлі қандай болуы керек? Жалпы, көшбасшылықты қалай елестетесіздер? Бүгін осы сауалдардың жауабын мұғалімдермен бірге таба алдық деп ойлаймын. Семинар сабақта ұстаздар ең алғашқы көшбасшымызды  – Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі етіп алып отыр. Елбасыға еліктеу арқылы көшбасшы тәрбиелеуге мүмкіндік мол деп білеміз.»

Ал ұстаздар қауымы шәкірттердің зейінін ояту үшін өздерінің де сабақ өту тәсілдерінің құпиясымен бөлісті. Тіпті, оқушылардың әрқайсысының қызығушылығы және мінез-құлқымен жұмыс жасаудың да көшбасшы тәрбиелеуде маңызы зор деп біледі. Он жылдық тәжірибесі бар ағылшын пәнінің мұғалімі Гауһар Қалиева көшбасшы тәрбиелей алатынына сенеді.

Ұстаздар бар зейінімен оқу-тренинге қатысып отыр
Ұстаздар оқу-тренингке бар зейінімен қатысып отыр

 Гауһар Қалиева, ағылшын пәнінің мұғалімі: «Мен бастауыш сыныптың оқушыларына ағылшын тілін үйрету үшін түрлі ойындар өткізіп, мультфильмдер көрсетемін, түсі қанық боялған ойыншықтарды қолданамын. Сонда сабақ түсінікті әрі қызықты өтеді. Және балалар оны бір көргеннен, бір естігеннен-ақ жаттап алады. Бұл – менің сабақ өтудегі тәсілім. Ертегілер мен аңыздар – менің сабағымның арқауы.»

[youtube]http://youtu.be/-ZbDudNYLYg[/youtube]