Абайлаңыз, қауіпті жол!

Бір жылда осы жерде 6 көлік аударылған

Шымкенттегі Сман Әзім көшесі жөндеуден соң қаладағы ең қауіпті жолдардың біріне айналды! Тілшілерге мұңдарын шаққан тұрғындар осылай дейді. Айтуларынша, көшемен жүйткіген автокөліктер арыққа құлап кетіп жатыр. Мұндай жағдай бір жылда 6 рет болған. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін тұрғындар билік басындағылардан жол белгілерін орнатуды сұранады.

Бір жылда осы жерде 6 көлік аударылған
Бір жылда осы жерде 6 көлік аударылған

Көше тұрғындарының бірі – Шәмшінұр апа өзі емес, өзгелер үшін алаңдайды. Өйткені көшеге осы жылы жаңадан асфальт төселген. Онсыз да көлік үзілмейтін көше жөнделгесін жүйткіген жүргізушілер жиілеп кетті дейді қария. Көбісі көлігін жоғары жылдамдықпен айдайды.

 Қуатжан Жұматаев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің көлік және комуникация секторының меңгерушісі: «Қай жерге қандай белгі керек болса, бізге жол полициясы тарапынан ескертпе беріледі. Ал сол ұсынысқа бізде қаражат қаралған болса, біз міндетті түрде орнатамыз.»

Ал жол сақшылары тиісті бер белгінің орнатылмауы жобалау кезінде кеткен қателіктен дейді. Тас жол төселмес бұрын алдымен адам қауіпсіздігі ескерілу керек екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=44LBishw7Hw[/youtube]

Данабек Мырзабеков, ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының аға инспекторы: «Бұл жолға жақында ғана асфальт төселіпті. Ал осы жұмысті істерде белгілерді де жобаға енгізу керек еді. Бір жылда қала бойынша 165 көше жөндеуден өтті. Олардың барлығының алдын ала сұлбасын жобалаушылар жүргізеді.»

 Көше тұрғындарымен кездесіп, жолдың қауіптілігіне көз жеткізген инспектор енді тиісті орындарға ұсыныс-хат жолдамақ. Тәртіп сақшысы алдағы 3 күн ішінде тиісті жерге белгі, қауіпті орынға белдеу орнатытады деген уәдесін де берді.