Алты жасар Нұрай аман-есен табылды

947

Шымкенттегі №87 мектептің оқушысы Нұрай Өміралиева табылды! Бүлдіршін көпшілік күтпеген жерден, жолдың бойынан табылған. Жас қызды таңғы 9-дар шамасында «Бекжан» базарының маңында тұрғанын байқаған тұрғындар полицияға хабар беріпті.

Сенбі күні 6 жасар Нұрайдың «Алаш» базарының маныңда жалғыз жылап тұрғанын жүргізушінің бірі байқап қалған. Он күннен бері күллі қала шарқ іздеп жүрген бүлдіршінді таныған азамат дереу полицияға хабар береді. Перзентін мектептен белгісіз әйел алып кеткен күннен бастап ішкені — ірің, жегені желім болған ата-анасы Нұрайда аман көрген сәтте қуаныштан жылап та жіберді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9Ijztf5yRNA[/youtube]

Кішкентай бүлдіршіннің айтуынша, өзін ұрлап кеткен әйел оған жақсы қарапты. Киімін ауыстырып, барлық жағдайын жасапты. Алайда қыз осы уақытқа дейін қайда тұрғанын және өзімен бірге болғандардың атын да білмейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VCZt3JNZl7k[/youtube]

Табылған қызға ешқандай күш көрсетілмеген. Мұны бүлдіршінді тексерген дәрігерлер айтып отыр. Бөбектің жүйкесіне де ауыр зақым келмеген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9qRtZPbAzeo[/youtube]

Айта кетейік, жоғалғанына апта асқанда Нұрай Өмірәлиеваның ата-анасы перзенті туралы қандай да бір нақты ақпарат берген адамдарға 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы беретінін жариялаған еді. Енді, міне, бүлдіршіннің өзі де табылып отыр. Қызды базар маңына кім қалдырып кеткен? Оны тауып, хабарлағандарға сыйақы беріле ме ? Әзірге тәртіп сақшылары бұл сұрақтарға жауап бермей отыр. Ал қызды ұрлап кеткен белігісіз әйел бойынша іздестіру амалдары жүргізілуде.