«Барыс -2007» мекемесінде кондитер өнімдерін шағаратын жаңа желі іске қосылды

842
Күлше нанның 18 түріні

«Барыс – 2007»  жауапкершілігі шектелу серіктестігінде ашылған кондитерлік өнімдер жаңа желісінің жұмысымен өңір басшысы Асқар Мырзахметов танысты. Желінің қуаттылығы сағатына 700-1000 келі печенье, сонымен қатар «Таралли» және «Торчетти» кондитерлік өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Осылайша отандық азық түлік тауарлары жергілікті өнімдермен толығуда.

 Мұқан Наимбеков, «Барыс-2007» ЖШС-нің президенті: «Барлық желі автоматтандырылған, жабдықтарды әлемге белгілі Имафорни компаниясынан алдық. Еліміздегі кондитерлік өнімдердің 40 пайызы Ресейдкен жеткізіледі. Сондықтан «Барыс 2007″ серіктестігі өз шикізатынан отандық дайын өнімді шағырмақ. Кондитерлік өнімдердің 70 пайызы тек елімізде сатылып қана қоймай, көрші елдерге де экспортталады. Қазіргі таңда келісім бойынша тәттілер Тәжікстан, Түркменстан мен Қырғыстанға жөнелтілуде.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=U1Q8ZZ6GebQ[/youtube]

Айта кету керек, бұл жобаны жүзеге асыруға «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының көмегі тиген.

 Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Соңғы уақытта мамандарымыз 150 жобаны қарастырды. Соның 50-і былтыр жүзеге асырылды. Бүгінгі ашылған кондитер өнімдерін шығаратын желі – тоғызыншы жоба. Жылдың соңына дейін тағы 41 жобаны жүзе асыруды жоспарлап отырмыз.»

Мұнда алғашқы кезеңде «Бөбек», «Наурыз», «Арман шашу», «Экзотика гармония», «Дуэт» сияқты тәтті күлшенің 18 түрі шағырылады. Екінші кезеңде «Таралли» мен «Торчетти» тәтті күлшелерін шығару жоспарлануда. Өндіріс толық қуаттылығына көшкенде 270 адамды жұмыспен қамтылады.

 Мұқан Наимбеков, «Барыс -2007» бас директоры: «Біздің өнімдердің бағалары ресейлік кондитерлік өнімдердің құнынан 10-15 пайызға арзан болады. Сіздерді өзіміздің отандық тауарларымызды сатып алуға шақырамын. Дәмін көріңіздер, бағасын өздеріңіз беріңіздер!»

Күлше нанның 18 түріні
Тәттілерден дәм татыңыздар!