Оңтүстікте мақта терімі жалғасуда

Мақтаға орақ түсті

Бүгінгі күнге дейінгі мәліметтер бойынша облыста 130 650 тонна ақ алтын терілді. Оңтүстіктің диқандары, биыл егіс аумағының қысқартылғанына қарамастан, мақтаны көп жинауды жоспарлап отыр. Шаруалар қазан айының соңына дейін 370 мың тонна мақта жинауды меже тұтуда. Бұл – өткен жылғыдан әлдеқайда көп көрсеткіш. Мәселен, былтыр 257 мың тонна шикізат жиналған болатын. Ал егіс аумағының көлемі 4 мың гектарға артық болатын. Биыл мақта 140 мың гектар аумаққа егілген.

Мақтаға орақ түсті
Мақтаға орақ түсті

Ордабасы ауданы Төрткүл ауылындағы «Жанболат-ММ» өндірістік кооперативі биыл егіс көлемін арттырып, 150 гектарға ақ алтынның дәнін сепкен. Алғашқы терімді бастаған ұжым мүшелерінің қазір қамбасы қомақты. Шаруалар гектарына 25 центнерден өнім алып жатыр.

Ерлан Атарбеков: «Биыл егін жақсы шықты, шаруалардың еңбегі ақталуда деп айтуға болады. Қазір бірінші орымды бастадық. Әлі алда екі орым бар.»